Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 24 тамызда 37-39 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.
Қостанай облысының басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 38 градус қатты ыстық болады.Өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының жағалауында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.
Павлодар облысының батысында найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік бағытқа ауысады,а екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 23-25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.