Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды, деп жазады inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Көп қабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап кеткен 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық, – делінген хабарламада.
Қайғылы жағдай М.Жүсіп көшесі, 270-үйде орын алды. Екі жасар бүлдіршіннің құлағаны туралы қоңырау 6 қыркүйек күні сағат 11:17-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті.
Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Дереу шокқа қарсы реанимациялық іс-шаралар басталды. Алайда алған жарақаттары өте ауыр болды.