Сехван-Шарифтегі терактіге қатысы бар деп күдіктелген 40 содырдың көзі жойылды

802

Сехван-Шарифтегі терактіге қатысы бар деп күдіктелген 40 содырдың көзі жойылды

Пәкістанның арнайы қызметі Сехван-Шарифтегі терактіге қатысы бар деп күдіктелген 39 содырдың көзін жойды, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Оның мәліметі бойынша, жұмаға қараған түні  елдің тұтастай аумағында арнайы операция жүргізілді.

Сонымен қатар, террорлық рейдтер барысында тағы  47 адам ұсталған.

Жарылыс бейсенбі күні Пәкістанның Сехван-Шариф қаласында болды.  Жарылыстан  70-тен астам адам көз жұмып, кемінде 250 адам жараланды.

Жарылысты жанкешті жасаған. Терактіні "Джамаат-уль-Ахрар" және "Ислам мемлекеті" террористік топтары өз мойнына алды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу