Сейфуллин даңғылындағы көпірдің әбден тозығы жеткен – Алматы әкімдігі

384

Үлкен Алматы каналы арқылы өтетін әрі өткен ғасырдың 80-жылдарында салынған көпір еш жөндеу көрмеген.  

Сейфуллин даңғылындағы көпірдің әбден тозығы жеткен – Алматы әкімдігі Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сейфуллин даңғылындағы көпірдің әбден тозығы жеткен. Қазір көпір арқылы жүру өте қауіпті. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров айтты. 

"Бұл көпір өткен ғасырдың 80-ші жылдарында салынған. Тұрғындар бірнеше рет нысанға назар аударуды сұрады, өйткені ұзақ жылдар бойы эстетикалық келбетін жоғалтқан нысан, жаяу жүргіншілер үшін қауіпті еді. Оның ескірген баспалдақтары,  сыртқы беті жөндеуді қажет етті", – деді баспасөз туры кезінде журналистерге Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде көпірге қатысты ақпарат көбейді. Желі қолданушыларының бірі жөндеу жұмыстарын сынға алса, өзгелері қолдап жатты. 

"Әлеуметтік желілерде желдей ескен жалған ақпараттар мен фейктерге қарамастан Үлкен Алматы каналының өткелі тарихи келбетін сақтайды. Кеңес дәуіріндегі рельефті плиталар өз орындарына қойылады. Біз тек қозғалыс бөлігіндегілерді ғана өзгертеміз. Олардың беттері бастапқыда тегіс болатын", – деп атап өтті Сағындық Телібаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу