Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты

742

Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты

Бүгін Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының үкімімен Сейітқазы Матаев Алматы облысының ЛА 155/14 колониясынан шартты жазамен мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлайды Today.kz.
Түзету мекемесінің алдында Матаевты жұбайы Баян Рамзанова күтіп алды. Сәуір айында ол амнистияға ілінген болатын.
Еске сала кетейік, Сейітқазы Матаев пен оның ұлы ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды деп айыпталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу