Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 9 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда 9 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 9 қыркүйекте найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 9 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 9 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, сол секілді облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 9 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 9 қыркүйекте найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 9 қыркүйекте найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.
Түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсетіні болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 9 қыркүйек түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 9 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. 9-12 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 9 қыркүйекте найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. 9-12 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 9 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 9 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 9-11 қыркүйекте облыста төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 9 қыркүйекте түнде таулы аудандарда найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні кей тұста 18 м/с дейін жетеді. 9-11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 9 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 9-11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.