Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ғалымдар аз

1651

Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ғалымдар аз

ТМД елдерінде сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту мәселелерін шешу үшін негізгі алаң ретінде Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) таңдап алынды, яғни "ҚазҚСҒЗИ" АҚ базасында ТМД-ның Сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі базалық ұйымы құрылады, деп хабарлайды egemen.kz.

Бұл ортақ шешім ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің отырысында қабылданды.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының, ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынышты ұйымының сейсмикаға төзімді құрылыс саласында 87 жылдық тәжірибесі бар. Институттың қажетті ғылыми әлеуеті, сондай-ақ конструкциялардың, натуралық ғимараттардың және олардың фрагменттерінің инерциялық әрекет ететін діріл машинасы және полигондарда сейсмикалық жарылыс әсерлері арқылы статикалық және динамикалық сынауларынан тұратын бірегей эксперименталдық зерттеулер жүргізілетін заманауи жабдықтармен және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілген эксперименталдық базасы бар.

Ғимараттарда орналасқан Қазақстандағы жалғыз инженерлік-сейсмометриялық станциялар желісі – Алматы қаласында 10 станция, Қапшағай және Тараз қалаларында 1 станциядан ойдағыдай қызмет атқарып тұр. Бұдан әрі оны жаңғырту және кеңейту ұйғарылып отыр.

"Ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі міндеттері өзіне тұтас ғылымдар спектрін біріктіреді және әр түрлі бейінді мамандарды тартуды қажет етеді. Өкінішке қарай, соңғы жиырма жылда сейсмология және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын сарапшылар мен ғалымдар саны айтарлықтай азайғанын мойындауға мәжбүрміз. ТМД елдірінің аумағында сейсмикаға төзімді құрылыс теориялары мен практикасын дамытуға жағдайлар мен тиімді механизмдер құру үшін біздің мүмкіндіктеріміз бен ғылыми әлеуетті шоғырландыратын уақыт келді", – дейді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Бас директоры Бегман Кульбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу