Сейсмикалық қызмет ТЖМ-ге қарайтын болды

1057

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды. 

Сейсмикалық қызмет ТЖМ-ге қарайтын болды

Сейсмология институты Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұрын орталық Білім және ғылым министрлігіне қараған еді.

"Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен "Сейсмология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы және "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілсін", - деп жазылған Үкімет басшысының қаулысында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу