Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2025 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12.44-те Қытайдың аумағында жер сілкінісі тіркелді. Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжамды полигоны аумағында MSK-64 шкаласы бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", – деді Ерік Әліпұлы.
Айта кету керек, бұған дейін Алматыда жер сілкінгенін жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу