Сейсмолог: "Біздің аймақта жер сілкінген, сілкіне де береді"

3629

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев мамандардың Алматыдағы жер сілкінісі туралы болжамдары неге сәйкес келмейтінін түсіндірді.  

Сейсмолог: "Біздің аймақта жер сілкінген, сілкіне де береді" Фото: Максим Морозов

"Біздегі комиссия мен оның беретін қорытындысы қуатты әрі жойқын жер сілікіністеріне арналған. Ең бірінші осыны ескеру керек. Бір жылдың ішінде Алматы қаласы, Алматы облысында жылына 600-ге дейін сейсмикалық жағдайларды тіркейміз. Оның шамамен жылына 10-15 қана сезіледі", – дейді Дәулет Сәрсенбаев.

Сонымен қатар, сейсмолог комиссия орта мерзім деңгейінде қысқа мерзімді жағдайда бір апталық, ұзақ мерзімді жағдайда бір жылға болжам жасайтынын жеткізді.

"Біздің комиссияның жасаған болжамы орындалмайды деудің өзі дұрыс емес. Өздеріңіз білесіздер сейсмикалық жағынан қауіпті аймақта тұрамыз. Алматы ғана емес, Алматы облысы, Жетісу, Жамбыл облысы да, көршілес Қытай, Қырғызстан да сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймаққа жатады. Біздің аймақта жер сілкінген, сілкінді, сілкіне де береді. Сейсмикалық жағдайлар тіркеле береді, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу