Сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 548 шақырым жерде (Қытай аумағы) болған.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.5. MPV магнитудасы – 5.5. Эпицентрдің координаттары – 38.78° с.е. 74.01° ш.б. Тереңдігі – 15 км", - делінген "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС хабарламасында.
Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, бұл бүгінгі тәулікте тіркелген үшінші жер сілкінісі. Біріншісі Алматыдан 25 шақырым жерде, екіншісі оңтүстік мегаполистен 332 шақырым жерде болды.