Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек елдегі сейсмологтардың жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
"Бірақ ол төтенше жағдайлар министрлігінің мейірімінен айырылған бала сияқты. Сейсмикалық станциялардың көбін араладым, олар қоқысқа, металл сынықтарына толы. Кейбір сейсмикалық станцияларда, мәселен, ботаника бағында су жоқ. Сейсмологтар Алматының орталығында канистрмен су тасып жүр. Мүмкіндік жоқ. Кейбір сейсмикалық станциялардың жері жоқ, жер телімдері алынып жатыр. Талапқа сай жалғыз сейсмикалық станция – Медеу", – деді мәжілісмен.
Бақытжан Базарбек сейсмологтар ғалым болғанына қарамастар азаматтық қорғаныс органдарына теңестірілгенін жеткізді. Сөзінше, осыдан бір жарым жыл бұрын министр Саясат Нұрбекпен бірге осы мәселе туралы жұмыс істеген.
"Осы сейсмологиялық институтты төтенше жағдайлар министрлігінен ұлттық Қорғаныс министрлігіне беру туралы үкіметтің түпкілікті қаулысы келді. Қазір бұл қаулы ешкімнің есінде жоқ. Сейсмология институтына көңіл бөле алмасаңыздар, оны ғылым министрлігіне беруге дайынсыз ба? Жағдайы мүшкіл, сейсмологтар еңбекақыларын ала алмай жатыр", – деді ол.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі сейсмологтардың жағдайы қиын екенімен келісті. Айтуынша, басқа көптеген басқармалар да көңіл бөлуге мұқтаж. Бұл мәселелерді бір жылда ретке келтіру мүмкін болмағанын айтты.
"Жағдайды түзету үшін кезең-кезеңімен жөндеу жүргізіліп жатыр. Олардың маңызын төмендетпей, басымдылық ретінде осы уақыт ішінде басқа да бағыттар қойылды. Бұл кімнің қолында болуы керек деген мәселені ұзақ уақыт ғылым министрлігімен шешіп жатырмыз. Бірақ үкімет төтенше жағдайлар министрлігінде қалсын деген нақты шешімге келді", - деді Шыңғыс Әрінов.