Сексеуіл саудасына тыйым салынбақ

788

Сексеуіл саудасына тыйым салынбақ

Сексеуіл саудасына түбегейлі тыйым салынбақ. Сенат өсімдік пен жануарлар әлеміне қатысты заңға осындай түзетулер енгізді. Оған сәйкес, енді жанармай бекеттері мен жол бойында самсап тұратын сексеуіл саудасы жойылуы тиіс, деп хабарлайды ktk.kz.

Негізінде, сексеуіл шабуға елімізде 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін заңмен тыйым салынған. Бірақ, көшелерде саудасы қызып тұрған түптердің қайдан қандай жолмен келіп жатқаны беймәлім. Енді бұл бассыздықтың да жолы кесілмек.

Бүгінде еліміздің шөлейтті аймақтарында, сондай-ақ, Арал теңізі маңында құм көшкінін азайту үшін сексеуіл түптерін отырғызу қарқынды қолға алынған. Ал оларды кесу және сату деректері тіркелген жағдайда ірі көлемде айыппұл төлейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу