Сел қаупі бар: Алматы тұрғындарына ескерту жарияланды

488

Алматы тауларында сел қаупі жоғары. 

Сел қаупі бар: Алматы тұрғындарына ескерту жарияланды Фото: newtimes.kz

Алматы тауларындағы сел қаупіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына  ескерту жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мен Қазгидромет деректеріне сәйкес, Алматы қаласының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп күтілуде. Найзағай кезінде батыс желдің екпіні секундына 18-23 метр.

Таулы жерлерде селдердің пайда болу қаупі бар.

"28 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін барлық бақылау-өткізу бекеттерінде (Алмарасан, Кімасар, Бутаковка, Аққайың, Ақсай, Қаскелең, Түрген, Есік, Маралсай, Қотырбұлақ) Алматы қаласы мен Алматы облысының тау бөктеріндегі автомобиль жолымен қауіпті аймақтарға жаяу және автокөліктер үшін жол жүру шектелген. Селдің пайда болу қаупіне байланысты Іле-Алатауы тауларына бармауыңызды сұраймыз", - делінген Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу