Оңтүстік Қытайда толассыз жауыннан он миллион адам зардап шекті. Әзірге дейін аймақтағы тоқтаусыз жауған жауын 78 адамның өмірін жалмаған. Ресми ақпарат көздері зардап шеккендер саны 11 миллионнан асты, деп хабарлайды qazaqtimes.com.
Бұл жолғы селден Жыжияң, Анхуей, Жияңши, Хоубей, Иүннан, Сычуан қатарлы 11 провинциядағы 61 қаланың тұрғындары зардап шекті. Ресми санақтарға қарағанда, аталған өңірлерде 56 адам қайтыс болып, 22 адам із-түссіз жоғалған. 27 мың тұрғын үй құлап, 37 мың үй қираған, 18 мың 400 үй жеңіл бүлінген.
Апаттың алып келген жалпы экономикалық шығыны 252,7 миллиард юаньға (шамамен 36,1 миллиард АҚШ долларына тура келеді) жеткен. Қытайдың басқа өңірлері аталған аймақтарға көмек беруде. Қазірге дейін көмекке 18,8 миллиард юань (2,72 миллиард АҚШ доллары) қаржы жиналған.
Қытай үкіметі 11 провинцияны төртінші дәрежелі апатты аймақ ретінде, ел көлемінде шұғыл жағдайда құтқару бұйрығын жариялады. Зардап шеккендерге 3300 ықтасын шатырлар мен 30 мың көрпе-жастық, 24 мың жиналмалы төсектер жеткізілген.