Семей әкімдігі "мемлекеттік саясат" үшін блогерлерге 5 млн теңге бермек

552

Тендерге қатысушының аудиториясының 50 пайызы Семейде тұруы керек.

Семей әкімдігі "мемлекеттік саясат" үшін блогерлерге 5 млн теңге бермек Фото: google

Семей қаласының ішкі саясат бөлімі 2023 жылы мемлекеттік саясатты әлеуметтік желіде насихаттау үшін қаражат бөлмек. Ол үшін Telegram-да тоғыз мың жазылушысы бар (250 хабар жариялау керек), Facebook-те 30 мың жазылушысы бар (400 хабар үшін), Instagram-да 80 мың жазылушысы бар (300 хабар үшін) блогерлік топ іздейді. Ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде болады. 

Тендерге қатысушының аудиториясының 50 пайызы Семейде тұруы керек. Бұл ресми статистикамен расталуы керек. 

Сонымен бірге блогерлік топта әлеуметтік медиа маркетинг мамандары, екі телеоператор болуы керек. 4K форматында түсіру мүмкіндігі бар екі камера және ұқсас мүмкіндігі бар екі квадракоптер қажет.

Посттар білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары мәселелері тақырыптарында жазу қажет болады. 

Мерейтойлық күндер мен айтулы оқиғалар және сол секілді мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шараларды да қамтуы керек. 

Бұл қызметтер жыл бойы орындалуы керек. Оған қала әкімдігі 5 млн теңге бөлуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу