Семей әуежайындағы жолаушылар көктайғақ кесірінен 2 күн ұша алмады

573

Семейде көктайғақтың кесірінен жолаушылар 2 күн ұша алмады, деп хабарлайды Atameken Business  

Семей әуежайындағы жолаушылар көктайғақ кесірінен 2 күн ұша алмады

Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына бағытталған рейстердің әуеге көтерілу уақыты бірнеше рет кейінге шегірілген.

19 желтоқсан күні түнде жауған қар артынша жаңбырға ұласты. Семей әуежайының 3 шақырымдық ұшу жолағын толығымен мұз басқан.

Салдарынан 200-ден астам жолаушы діттеген жеріне уақытылы жете алмады. Бірқатары өзге де көлік құралдарымен жолға шықса, кейбірі билеттерін кері қайтарып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу