Семей әуежейы іске қосылды

711

Ол енді халықаралық талаптардың бәріне сай.

Семей әуежейы іске қосылды

Семей әуежайы қайта жөндеуден өтті. Ол енді халықаралық талаптардың бәріне сай, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz7

2016 жылы басталған бұл жұмысқа "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында 10 миллиард теңге қаражат бөлінген еді.

Халықаралық әуежайдың жердегі қызмет жетекшісі Марат Жақсылықовтың сөзінше, ұшақ жолына монолитті бетон төселіп, ені 45 метрге кеңейтіліпті.

"Негізгі жұмыстар аяқталды. Ауласын абаттандырып жатырмыз. Бізге бұрынғыдай Астана мен Алматы ұшақтары, сондай-ақ жақын елдерден ұшақтар келіп қонады. Болашақта семейліктер Түркия мен басқа да Батыс Еуропа елдеріне ұшып бара алады деп үміттенеміз", – дейді Марат Жақсылықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу