Семей автобустарында Абайдың нақыл сөздері пайда болды

723

Сондай-ақ қоғамдық көліктерде кітап сөрелері де орналастырылған.  

Семей автобустарында Абайдың нақыл сөздері пайда болды Фото: gov.kz

Сөреде "Осы кітаптар Сізге арналған, Сіз де келесі жолаушыға кітап сыйлаңыз!" деген жазу бар, деп жазады inbusiness.kz.

Автобус жолаушылары сөредегі кітапты алып сапар барысында оқи алады. Кітапты өзге жолаушыға табыстауға немесе сөреге қайта қоюға болады.

Семейлік автобустардағы Ұлы Абайдың – еңбек, ар-намыс, ел бірлігі мен ұрпақ келешегі жайында қалдырған қанатты сөздеріне қала тұрғындары ерекше ықыласпен зер салса, ал кітап оқуға ынтасы бар жолаушылар сөредегі кітаптарды оқи алады.

"Даналық ізімен" акциясының мақсаты тұрғындарды білімге, даналыққа баулу, кітап оқуға деген махаббатын ояту. Шара қоғамдық көлік жүргізушілеріне де, қала тұрғындарына да өз пайдасын тигізіп, рухани байлығын арттыра түседі.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінге дейін 6 автобус безендіріліп, 60 кітап жиналған. Алдағы уақытта автобустар мен кітаптарды көбейту жоспарлануда.

Айта кетейік, наурыз айында Семейде №1 және №36 бағыттар бойынша 25 орындық, сыйымдылығы 50 жолаушыға арналған 12 жаңа автобус қолданысқа берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу