Семей автопаркі 50 жаңа автобуспен толықты

1136

Бір автобустың құны 10 миллион теңгеден асады. Барлық автобус жергілікті "СемАз" автоқұрастыру зауытынан сатып алынды.

Семей автопаркі 50 жаңа автобуспен толықты

Семейдегі қалалық автопарктердің бірі 50 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Көлік реформасын жүзеге асыру аясында қаладағы қоғамдық көлікті жаңарту ісі жалғасып жатыр. Бүгін ыңғайлы әрі жайлы қоғамдық көліктің 18-і жолға шықты. Тағы 11 автобус соңғы дайындық кезеңінен өтуде.

Жаңа автобустар 18 орынға есептелген. Олар 25, 28, 39-бағыттар бойынша, жалпы 14 бағытта тұрғындарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, аязды күндері жолаушылар жайлылығы үшін көліктерде қосымша пештер орнатылмақ. Жыл соңына дейін "Таксомотор паркі" ЖШС тағы 30 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

"Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы болуы үшін автобус парктерін жаңарту қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Бір автобустың құны –  10 миллион теңгеден асады. Барлық автобус жергілікті "СемАз" автоқұрастыру зауытынан сатып алынды", – дейді "Таксомотор паркі" ЖШС атқарушы директоры Владимир Халин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу