Семейдегі цемент зауытында жаңғырту аясында құрғақ қоспаларды қаптайтын жаңа желі іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.
Жабдық Германияда жасалған. Бірегейлігі цемент жаңа технология бойынша полиэтилен қаптарға салынады. Герметикалық қаптама қоспаны сақтау мерзімін бірнеше есеге ұлғайтады екен. Желінің қуаты жылына 300 мың тонна цементті қаптауға жетеді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда зауыттың құрылғанын 60 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай кәсіпорын аумағында салтанатты түрде ескерткіш ашылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу