Семей әуежайына 8,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

132

Кәсіпорын авиаотынға жоғары баға қойған.        

Семей әуежайына 8,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды Фото: gov.kz

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті "Семей халықаралық әуежайы" ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Агенттік мәліметінше, тексеру барысында кәсіпорын бөлшек саудада авиаотынға монополиялық жоғары бағаны белгілеу және ұстап тұру арқылы үстемдік еткен. Бұл ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1-тармақшасында көзделген бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзады. Аталған факт бойынша департамент әкімшілік іс қозғады.

Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ЖШС кінәлі деп танылып, 8,8 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ монополистік қызмет нәтижесінде алынған 8,5 млн теңге көлеміндегі монополиялық кіріс тәркіленді.

Қаулыға шағым жасалғанымен, Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулыны өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

Департамент бөлшек саудада авиаотынға негізделген баға белгілеу арқылы монополиялық жоғары бағаны белгілеу мен ұстап тұруды тоқтату туралы нұсқама берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу