Семей әуежайын аралау барысында, облыс әкімі Даниял Ахметов қосалқы мердігер мекеме ретінде тартылған Сербиялық "Planum (Cyprus) Limited" компаниясының технологияларының жұмыс істеу қабілетін тексерді, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Әуежай халықаралық бағытта мыңдаған жұмысшыларға сапалы қызмет көрсетуі тиіс, барлық күш-қуаттарыңызды толық пайдаланып жұмыс істегендіктеріңіз жөн. Әуежай жұмысын осымен бірнеше рет қайта-қайта тексеріп отырмын", - деді аймақ басшысы.
Әуежай 1982 жылы салынған. Қазіргі уақытта Семейден тек бірнеше бағытқа ғана авиамаршрут бар екен. Яғни Астана, Алматы, Мәскеу, Өскемен қалаларына ғана ұшуға болады. Аудандардан халық Үржар өңіріне көбірек шығады. Өткен жылдың желтоқсан айында аэродромда жөндеу жұмыстары басталып та кетті.
Семей әуежайының директоры Нұртай Оспановтың айтуынша, "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы жөндеу жобасы 22 айға лайықталған. Ең соңында халықаралық ИКАО стандарттарына сай жауап бере алатын әуежай аталып, барлық талаптардан өткен соң халық игілігіне беріледі. Сөйтіп Семей халықаралық тасымалда маңызы бар жол айрығы болып саналмақшы.