Семей қаласы басқа облыстардың бюджетінен абаттандырылады

1537

Облыстардан түскен қаражат негізінен үй аулаларын абаттандыруға жұмсалмақ.

Семей қаласы басқа облыстардың бюджетінен абаттандырылады

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай республикадағы барлық облыс Семей қаласын абаттандыруға ақша аударады. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Еліміздегі барлық облыстың басшылығымен тілдестік. Қазіргі уақытта қажетті жобалық-сметалық құжатты әзірлеп жатырмыз. Облыстардан түскен қаражатты негізінен үй аулаларын абаттандыруға жұмсаймыз", – деді Ермак Сәлімов.

Оның айтуынша, Әуезов даңғылы Алматы облысының қаражатымен абаттандырылады. Сондай-ақ көп күттірген орталық паркті жөндеу жұмыстары да биыл аяқталады.

"Дегенмен де, биылғы жоспарымыздың басым бөлігін іске асыруға өз облысымыздан қаражат бөлінетіні анық", – деді қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу