Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Семей қаласы мен Абай облысының оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, 2024 жылғы 18 қаңтарда Абай ауданында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1-ші ауысымдағы оқушылар онлайн оқитын болады. Соның ішінде:
- Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Көкпекті ауданындағы 14 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Ал қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу