Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасы әзірленеді

935

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшылығына осындай тапсырма берді.

Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасы әзірленеді

Қазақстан Президенті Семей жұртшылығымен кездесуде қаланың бүгінгі ахуалына байланысты жүзеге асырылатын бірқатар міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қаланың әр көшесі мен ғимаратында тарихтың салған ізі бар. Көне ғимараттардың тарихи және бастапқы бейнесін сақтап қалу – өте маңызды міндет. Біз ұлы Абай туралы айтқанда, оның әкесі – Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан, алдағы уақытта облыс әкімдігі Құнанбайдың есімін ұлықтауға байланысты тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруы керек", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2017 жылы Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудың бес жылдық кешенді бағдарламасының аяқталғанын айтып, тұрғындардың тұрмыс сапасын лайықты арттыру негізгі міндеттерді бірі болып қала беретінін айтты.

"Қазіргі кезде 350 мың халқы бар қаланың жылдық бюджеті 56,6 миллиард теңге. Сондықтан, облыс басшылығына Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл орта мерзімді перспективаға жоспарланған шаһарды өркендетудің міндеттерін жандандыруға мүмкіндік береді", – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы облыс басшылығына қаладағы шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше мән беру қажеттігін атап өтіп, бұл шара жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың табысын айтарлықтай арттыруға септігін тигізетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу