Семей қаласына жергілікті зауыт құрастырған 170 жаңа автобус сатып алынады

1016

"РБК Лизинг" ұсынған 3,5 млрд теңгені "Sеmey Bus" ЖШС жеті жылдың ішінде қайтаруға тиіс. Аталмыш қаражатқа 40 млн теңге тұратын – 30 автобус, 29 млн теңге тұратын – 80 автобус, 10,2 млн теңге тұратын – 60 автобус алынады.

Семей қаласына жергілікті зауыт құрастырған 170 жаңа автобус сатып алынады

Шаһардағы қоғамдық көліктерді жаңалау мақсатында жергілікті "СемАЗ" зауытынан 170 жаңа көлік сатып алынбақшы. Жобаны "РБК Лизинг" компаниясы қаржыландырады. Облыс бюджетінен алғашқы жарна ретінде 620,2 млн теңге бөлінбек. Жобаның жалпы құны – 4,135 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"РБК Лизинг" ұсынған 3,5 млрд теңгені "Sеmey Bus" ЖШС жеті жылдың ішінде қайтаруға тиіс. Аталмыш қаражатқа 40 млн теңге тұратын – 30 автобус, 29 млн теңге тұратын – 80 автобус, 10,2 млн теңге тұратын – 60 автобус алынады.

"Қаладағы қоғамдық көлік шаруашылығын жаңғырту үшін "Sеmey Bus" ЖШС-ін құрдық. Оның 49 пайызына қала әкімдігі иелік ететін болады. Қалған 51 пайызы жеке меншікке тиесілі. Сатып алынатын автобустың бәрі "Daewoo" маркалы жергілікті өндіріс өнімдері" - дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу