Семей қаласында автобус жүргізушісіне қол көтерген адам ұсталды

304

Қоғамдық көлікте бұзақылық жасаған азамат учаскелік полицияға жеткізілген.  

Семей қаласында автобус жүргізушісіне қол көтерген адам ұсталды Фото: ҚР ІІМ

Бұзақыны жеткізу сәті бейнежазбаға түсірілген. Ол агрессивті мінез-құлық танытып, жолаушылардың өміріне қауіп төндірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісіне қозғалыс кезінде қол көтерген 45 жастағы азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған факт бойынша іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданады.

Полиция кез келген құқық бұзушылыққа қатысты жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу