Семей қаласында құлаған шатыр үйіндісінің астынан ана мен бала құтқарылды

528

Үйдің төбесі 24 шаршы метр аумаққа опырылып түсті. 

Семей қаласында құлаған шатыр үйіндісінің астынан ана мен бала құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін, сағат 09:34-те Семей қаласының "112" пультіне Сырлыбаев көшесінде жеке үйдің төбесі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, өтініш берушінің айтуынша, үйде балалар болды.

Оқиға орнына Абай облысының құтқару бөлімшелері дереу оқиға орнына шықты.

Сағат 09:42-де шақыру орнына келгеннен кейін, қонақ бөлмесінде тұрғын үйдің төбесі құлағаны анықталды. Құтқарушылар дереу барлауға кірісті.

Барлау барысында үйінділердің астынан құтқарушылар 1982 жылы туған әйелді, 2022 жылы туған жас баланы құтқарды.

Құтқару бөлімшелері келгенге дейін үй иесі мен оның 2012 жылы туған қызы өз бетінше шықты, ал 2020 жылы туған баланы көршісі құтқарды.

Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің қарауынан кейін зардап шеккендердің барлығы Семей қаласының ЖМЖА-ға жатқызылды.

Құтқару операциясына барлығы Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 11 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу