Семей қаласында мерекеге орай 60 отбасыға көмек көрсетілді

690

Көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік табысталды.  

Семей қаласында мерекеге орай 60 отбасыға көмек көрсетілді Фото: semeynews.kz

Семейде қайырымдылық акциясы өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Семей әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаланың көп балалы, аз қамтылған отбасылары Республика күнін тойлау аясында ұйымдастырылған "Жанашыр жүрек" акциясы арқылы көмек алды.

"Азық-түлік түріндегі көмек мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, сондай-ақ қиын-қыстау кезеңді бастан кешіріп отырған басқа да қала тұрғындарына көрсетілді",- деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Акцияға Семей әкімі аппаратының бөлімдері, сондай-ақ жергілікті жеке кәсіпкерлер қатысты. Жалпы, қаланың 60 отбасына көмек көрсетілді.

Айта кетейік, акция аясындағы игі іс Алматы, Тараз және Қызылорда қалаларында да жалғасын тапты. Алматылық еріктілер үш күн ішінде 100 отбасыға азық-түлік таратып шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу