Семей қаласында су деңгейі көтеріліп, 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді

421

Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Семей қаласында су деңгейі көтеріліп, 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді Фото: Абай обылысының әкімдігі

Семейде Ертіс өзеніндегі судың деңгейі көтерілді.

Қауіптің алдын алу мақсатында әкімдік "Бейбітшілік" аралында тұратын 11 тұрғынды эвакуациялады. 

Ертіс өзенінің су деңгейі – 457 см. "Бейбітшілік" аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімімен бірлесіп, бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар өзен арнасына 5850 текше метр су қайта жіберілді.

"Қауіпті аймақтан оқшаулаунғандардың ішінде 3 бала бар.  Қазір олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар жергілікті атқаруғы орган тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта эвакуацияланған отбасы үйлеріне қайтты", – деп жазылған облыс әкімдігінің парақшасында. 

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын учаскелерді аралау (Бейбітшілік аралы, Бобровка саяжайы) және су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу