Семей қаласының әкімдігі 1,5 млн теңгелік байқау жариялады

438

Әкімдік ғимараттарды жаңа жылдық безендіруден сайыс ұйымдастырады. 

Семей қаласының әкімдігі 1,5 млн теңгелік байқау жариялады Фото: nur.kz

Семей қаласының әкімдігі "Үздік жаңа жылдық безендіруге" байқау жариялайды, деп жазады inbusiness.kz Абай облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қала әкімдігі тұрғындарды қарамағындағы нысандарды мерекелік безендіруге шақырады.

"Қаланы безендіру мақсатында тақырыптық дизайн жасау, маңдайшаларды (жарнамаларды) жаңарту, түнгі жарықтандыруды қосу, ағаштарға жарық қондырғыларын орнату, іргелес аумақты абаттандыру ұсынылады.

Конкурсқа кез келген заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдар және Семей қаласының барлық тұрғындары қатыса алады", - делінген ақпаратта.

 

Конкурстың толық ережесімен, Семей қаласы әкімдігінің сайтында танысуға болады. Конкурстың жүлде қоры - 1 500 000 теңге.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу