Семейде әскери көлік апатқа ұшырады. Оқыс оқиға қаланың қақ ортасында болған. Жол апаты салдарынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Әзірге әскерилер азаматтың қаза тапқанын растағанымен, оның аты-жөнін атаудан бас тартып отыр. Сондықтан оның қай бөлімнің сарбазы екені белгісіз. Тек, "Шығыс" өңірлік әскери қолбасшылығының хабарлауынша, брондалған техника оқу- жаттығудан қайтып келе жатқан екен. Енді, оның аяқ астынан апатқа ұшырауына не себеп болғанын, өздері де түсінбей дал. Алайда, олар арнайы комиссияның тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу