Семей колониясында жазасын өтеуші босанды

514

Әйел жүкті кезінде мекемеге түскен.   

Семей колониясында жазасын өтеуші босанды Фото: SN.kz

Семей қаласындағы №21 мекемеде әйелдің бас бостандығынан тыс босануы осымен екінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны Татьяна (аты-жөні өзгертілді) жазасының жарты жылға жуық мерзімін Абай облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің колониясында өтеп жатыр. Әйел жүкті кезінде мекемеге түскен.

Қызметкерлер айелді жедел түрде қалалық перзентханаға жеткізді. Дүниеге келген ұл бала – отбасында үшінші бала. Босану асқынусыз өтті, нәрестенің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. 

– Балалар менің қайда екенімді әлі білмейді. Мені жұмыста деп ойлайды, күтіп отыр. Қазір олар күйеуім мен оның ата-анасының қасында, – деді сотталған әйел. 

Мекемеде үнемі медициналық қызметкер жұмыс істейді. Жазасын өтеп жатқан сотталғандардың медициналық көмек алуға толықтай құқықтары бар.

 – Мұнда оларға міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қызмет көрсетіледі, бірақ сотталғандар мекемеге полиссіз, төлқұжатсыз кірсе де, оларға уақыт өте келе бұл құжаттар рәсімделеді. Көбінесе сотталғандар жүкті болып келеді: кейбірі бізге келгеннен кейін босанады, ал кейбірі бала туғанға дейін босатылады. Келіншектер акушер-гинекологтың бақылауында тұрады, – деді мекеме басшысы Аслан Нурбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу