Демеушілердің қаражатына салынған жылы тұрақтардың бой көтеруіне жергілікті әкімдік бастамашы болған.
"Қазіргі уақытта Абай және Шәкәрім даңғылдарына екі жылы аялдама қойылды. Жылы аялдамалар қала тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатында орнатылып отыр. Енді семейліктер қыс кезінде автобус күткенде тоңбайтын болады", – деп мәлімдеді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айжан Жұманова.
Жергілікті билік Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қаланың ортақ мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу