Семей маңында тұрмыстық қалдық өңдейтін жаңа полигон салынады

1571

Енді жаңа талаптарға сәйкес, қоқыстар арнайы сұрыптаудан өтіп, бөлек-бөлек жинақталуға тиіс. 

Семей маңында тұрмыстық қалдық өңдейтін жаңа полигон салынады

Семей қаласының маңында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа полигон салынады, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір жергілікті әкімдік жер телімін бөлді. Көп ұзамай онда инфрақұрылымдық желілер тартыла бастайды.

Қала басшылығы тұрмыстық қалдық шығарумен айналысатын 12 кәсіпорынның жұмысымен танысып, кейбіріне қатаң ескерту жасады. Жаңа талаптарға сәйкес, қоқыстар арнайы сұрыптаудан өтіп, бөлек-бөлек жинақталуға тиіс. Бұл талапты кейбірі толық орындай бермейтін көрінеді.

"Жаңа полигон қаладан 15 шақырым қашықтықта орналасады. Оған озық технологияларға бағытталған заманауи жобалық-сметалық құжат жасалуы тиіс. Яғни, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинайтын арнайы қондырғылар, көліктер болады. Еуропалық Даму және қайта құру банкі қаржыландыратын жоба болғандықтан жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асады. Биыл құжаттарды реттесек, келесі жылдан бастап нақты іске кірісеміз", – дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу