"Семей машина жасау зауыты" АҚ Ресейге төрт шынжыр табанды тасымалдағыш–тартқыш (ШТ-Т) жеткізді, деп хабарлайды ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Техниканы жасау темір жол саласында жұмыс істейтін жеке компанияның арнайы тапсырысы бойынша орындалды.
"СМЗ" АҚ бас директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, тактикалық-техникалық сипаттамалары жақсартылған үлгісін құру үшін, шынжыр табанды тасымалдағыш-тартқыш ШТ-Т базалық моделі үлгісін жаңғырту бойынша, зауыт ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар өткізді.
2016 жылда қазақстандық кәсіпорын шынжыр табанды тартқыштың пилоттық данасын жасап шығарып, тиісті сынақтан сәтті өткізді.
"ҒЗТКЖ-ны жаңғырту бойынша базалық моделін шынжыр табанды транспортер-тартқыш ШТ-Т жетілдіруге рұқсат беріп және қазақстандық қамту мүмкіндігімен машинаны дайындау және бұл техника түріне орындауға қойылатын барлық талаптарымен, ол өзінің сипаттамалары бойынша шетелдік өнімдерден кем түспейді", - деп атап өтті кәсіпорын басшысы.
Зауыт алдағы уақытта да ресейлік компаниялармен ынтымақтасты жалғастыруды көздейді.