"Семей машина жасау зауытының" басшылары әскери бөлімдерге ескі қозғалтқыштар жеткізіп, алдап келген

983

Танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырған.

"Семей машина жасау зауытының" басшылары әскери бөлімдерге ескі қозғалтқыштар жеткізіп, алдап келген

Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті "Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған.

"Тергеу барысында зауыт бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі ол 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырды. Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сулейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.

 

ТАНКІГЕ ЕСКІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ ОРНАТЫП 1 МЛРД ЖЫМҚЫРҒАН

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу