Семейде мектеп-интернат оқушысының қайтыс болуына байланысты тергеу басталды

665

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Семейде мектеп-интернат оқушысының қайтыс болуына байланысты тергеу басталды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Семейде кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 сәуір мектеп - интернатта 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып, өліммен аяқталған жазатайым оқиға болды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала қайтыс болды.

Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу