Семей қаласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен студенттер сабақты онлайн оқиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2023 жылғы 27 желтоқсан күні ауа-райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты бірінші ауысымның 0-11сынып оқушылары мен колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген аймақтың білім беру басқармасының хабарламасында.
Сонымен қатар, қатты көктайғақ пен желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетуіне байланысты Көкшетауда бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу