Қарағайлы орманына қасақана от қоймақ болған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Мұны серуендеп жүрген тұрғынның бірі байқап, құқық қорғаушыларға хабар берген. Осыдан кейін жүргізілген тексерулер кезінде Семей-Павлодар тасжолындағы орманды жағуға дайындалған үш күркені анықталды.
Сондай-ақ, Семей - Бородулиха күре жолына жақын орман аумағынан табылған. Мамандар қаскөйлер орманға екі жағынан бірдей от қоюға дайындаған деп топшылап отыр. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Тексеру жұмыстарын прокуратура бақылауға алды.
"Қазіргі кезде орманды күзету күшейтілді. Құқық қорғау органдарына арыз жазылып, бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Күдікті іздестірілуде", деді "Қызыл Кардон" орман шаруашылығының басшысы.