"Семей орманында" өрт шығарған Абай облысының тұрғыны жазаланды

335

"Семей Орманы" МОТР қызметкерлері жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Семей орманында" өрт шығарған Абай облысының тұрғыны жазаланды Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысының Өртке қарсы қызметіне "Семей орманы" МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және "Семей Орманы" МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды.

Трактор иесі Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу