17 шілдеде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өртін сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты Абай облыстық әкімдігіне сілтеме жасап.
Барлық қызметтердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде өрттің ашық жануы тоқтатылып, қазіргі уақытта жекелеген түтіндеу ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Түнгі уақытта жеке құрам өртті толық оқшаулау бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастырды.
Өртті сөндіру басталған сәттен бастап әуе техникасымен жалпы 219 рет су төгіліп, өрт ошағына 474 тонна су жеткізілді.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.