Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы ірі орман өртінің салдарын жою қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Абай облысында ірі орман өртінің салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталып өтсем. Қазіргі таңда өртеңдерді игеруді резерваттың 33 және басқа орман пайдаланушылардың 5 бригадалары жүргізіп жатыр. Олардың бірінде харвестер типті өнімділігі жоғары екі кешен бар. Биыл лизинг есебінен резерватқа 5 харвестер және 7 ағаш таситын машина сатып алу жоспарланып отыр", - деді министр Үкімет отырысында.
Ерлан Нысанбаев жұмыстар басталғалы бері 39,7 мың текше метр сүрек дайындалғанын жеткізді.