Семей полигоны болған жерге қатысты қаулы қабылданды

128

Құжатқа сәйкес, жалпы аумағы 832,9 мың гектар жер қордағы жерлер санатына ауыстырылды.  

Семей полигоны болған жерге қатысты қаулы қабылданды Фото: kazpravda.kz

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы жер мәселелері жөнінде қаулы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл аумақтар кейін ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне жатқызылмақ.

Атап айтқанда, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына 41,6 мың га, Павлодар облысы, Май ауданына 285,9 мың га, Абай облысы, Жаңасемей ауданына 505,4 мың га бөлінді.

Сонымен қатар, бұған дейін қордағы жерлер құрамына берілген 1 816,6 мың гектар аумақ Қарағанды, Павлодар және Абай облыстары әкімдіктерінің қарамағында екені атап өтілді.

Қаулы аталған жерлерді тиімді басқару және ядролық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу