Семей полигонына жапсарлас 3 өңірді терең талдауға жұмыс тобы құрылды - министр

753

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Берекешев Абай облысының тұрғындарымен кездесуінде Семей полигонына жапсарлас жатқан елді мекендердің тұрғындарының қазіргі жай-күйін тексеретін комиссия құрылатынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Семей полигонына жапсарлас 3 өңірді терең талдауға жұмыс тобы құрылды - министр Фото: dalanews.kz

Ведомсвтоның Telegram арнасындағы мәліметке сүйенсек, кездесуде министр Серікқали Брекешевке қойылған сұрақтардың 90%-ы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге әлеуметтік төлем тағайындау туралы болған.

"Әр ведомствоның, сондай-ақ қоғамдық бірлестік белсенділерінің ұстанымдарын тыңдаған соң, үш облыста (Абай, Қарағанды, Павлодар облыстары) полигонға іргелес аумақ тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының жағдайын тереңірек талдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды", - деп жазылған министрліктің ресми мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу