Семей полигонындағы 50 мың текше метр радиоактивті қалдық көміледі

757

Ол үшін арнайы бағдарлама әзірленбек. 

Семей полигонындағы 50 мың текше метр радиоактивті қалдық көміледі

Семей полигонындағы 50 мың текше метрлік радиоактивті қалдықтар жер астына көміледі. Ол үшін арнайы бағдарлама әзірленбек. Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Мамандардың пікірінше полигон бос жатпай, пайда әкелуге тиіс. Сондықтан, уланған алқаптың қауіпсіздігін барынша арттырып, жарамсыз жерлерді қоршауға алу жоспарланған.

Жалпы аталған орталық өз жұмысын 2009 жылдан бастаған. Осы аралықта полигонның басым бөлігі зерттеліп, оның 90 пайызы шаруашылыққа жарамды екені анықталған.  Бүгінде мұнда көмір, флюорит және алтын өндіретін кәсіпорындар жұмыс істеуде.

"Семей полигонының басым бөлігі адамдарға радиациялық қауіп төндірмейді, яғни радиация деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Сондай-ақ, мұндай үлкен аумақ экономикалық сұранысқа ие. Зерттеу жұмыстарын 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Сондықтан, қазір оның болашағын зерделеу қажет", - дейді ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Бас директоры Эрлан Батырбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу