Семей полигонындағы радиация халыққа қауіп төндірмейді

1384

Министрліктің мәліметінше, биыл ұлттық ядролық орталық Семей полигоны жерлеріндегі радиоактивті ластану деңгейін тексеруді аяқтайды.  

Семей полигонындағы радиация халыққа қауіп төндірмейді

Семей полигоны маңындағы радиация деңгейі халыққа қауіп төндірмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2008 жылы ұлттық орталық ядролық сынақтардың полигон аумағына және оған жақын жерлерге әсерін зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Мамандар судың, ауаның, өсімдіктер мен жануарлар жағдайын зерттеді. Оның кейбір әдістерін ұлттық ядролық орталығы әзірледі. Бүгінде полигон аумағының 90%-ға жуығы тексерілді", - деп жазылды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне таратқан хабарламада.

Полигон аумағында және одан тыс жерлерде ауа және су ортасын зерттеу үшін арнайы мониторинг пункттері жұмыс істейді.

"Қазіргі таңда 4 ауа және 8 су ортасын бақылау пункті бар. Барлығы 22 мониторинг пунктін құру жоспарланып отыр", – деп жазылды хабарламада.

Мониторинг нәтижесінде ауадағы радиоактивті элементтердің ең көп мөлшері тікелей ядролық сынақтар жүргізілетін жерден табылған. Ал полигонның ластанған учаскелерінен тыс аумақта "ұзақ өмір сүретін" радиоактивті элементтер (америй, цезий немесе стронций) табылмаған.

"Бұл полигонда және одан тыс жерлерде ауа және су ортасының радиациялық жағдайы тұрақты екенін, халыққа қауіп төніп тұрмағанын көрсетеді. Ядролық сынақтар жүргізілген сынақ алаңдарының радиоактивті ластанған учаскелері бұл аумаққа жатпайды", – деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу