Семей полигонының кейбір жерлері ауыл шаруашылығында пайдаланылады

461

Бұрынғы полигонның жалпы ауданы 1,8 миллион гектардан асады.  

Семей полигонының кейбір жерлері ауыл шаруашылығында пайдаланылады Фото: Егемен Қазақстан

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағы жақын арада айтарлықтай қысқарады. Сенат Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұрынғы полигонның жалпы ауданы 1,8 миллион гектардан асады. Ұлттық ядролық орталық оның аумақтарына кешенді экологиялық зерттеу жүргізіп, нормативтен тыс радиоактивті ластану және радиоактивті заттардың таралуы мүмкін учаскелерді анықтады. Аталған аумақтар ерекше құқықтық режимі бар ядролық қауіпсіздік аймағының құрамына кіреді: оның жерлері мен инфрақұрылымы мемлекет меншігінде болады және оның иелігінен шықпайды.

"Заңның қабылдануының маңыздылығы мынада - оны іске асыру нәтижесінде радиоактивті ластанған аумақтар мен ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге болатын шамамен 1 миллион гектар ядролық полигонның ластанбаған жерлері ажыратылады", - деді сенатор Ольга Булавкина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу