Семей полигонының топырағы сатылымға қойылды

1753

Көлемі түймедей болатын қорытылған топырақтың құны 1 млн рубльге бағалануда. 

Семей полигонының топырағы сатылымға қойылды

Барнаулдың тұрғыны интернет-дүкенге ерекше жәдігерді саудаға шығарды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Көлемі түймедей болатын қорытылған топырақтың құны 1 млн рубльге бағалануда. Ресейліктің сөзінше, аталмыш жердің бөлшегі бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонынан алынған.

"Талғампаз коллекционерлерге арналған. Мұражайға да жарамды. Линзаның ішіне харитон заты (қорытылған топырақ) салынған", – делінген интернет-дүкенінде жарияланған жарнамада.

Дереккөздерге сүйенсек, жәдігердің иесі Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталыққа қарасты радиациялық қауіпсіздік және экология институтында он жыл көлемінде қызмет еткен көрінеді. Ал кәдесыйды оған мекеменің директоры тарту етіпті.

"Мұндай экспонаттың саны үшеу. Олар өте қымбат. Біреуі директорда, екіншісі орынбасарында. Ал соңғысы менің қолымда", – дейді бағалы заттың қожайыны.

Әйтсе де барнаулдық, кәдесыйдың бағасын 700 мың рубльге дейін түсіруге әзір екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу